ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ(БЛОГ АРҚЫЛЫ) ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
(Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы нәтижесі)
Абдирова Бақытгүл Нұржанқызы – Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2011 жылы
Орал қаласындағы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын «Үздік дипломмен» аяқтаған
(бакалавр).
2016 жылы педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
алды (Орал қаласы, БҚИТУ).
ҚР педагог қызметкерлерінің
деңгейлік бағдарламалар бойынша
біліктілік арттыру аясында ІІІ
деңгейлік курсын тәмәмдады.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім беру
бағдарламалары орталығы
«Кіріктірілген білім беру
бағдарламасы бойынша» оқу-әдістемелік құрал (антология) (7-сынып, Т1, әдебиет)
авторы.
7-сыныптар бойынша
қазақ тілінен (Т1) оқушылардың «Айтылым» және «Жазылым» дағдыларын бағалауға
арналған семинарға қатысушы (Астана қаласы).
Қазақстанда
оқушылардың білім жетістігінің PISA Халықаралық (Programme for International
Student Assessment) семинарына қатысты. (Орал қаласы)
Қазақ тілі –
қарым-қатынас жасау негізі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Оқушылар қазақ тілін үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым
дағдыларымен қатар түсіну және жауап беру,
анализ, салыстыру және бағалау
дағдыларын дамытады, сонымен бірге оларды қоғамда тиімді қолдана білуді
үйренеді. Тілді меңгеру әлемдік деңгейде
жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық құндылықтарды түсінетін
жеке тұлға қалыптастыруға ықпал
етеді.
Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін
жеткізе алатын, туындаған мәселелерді
шеше білетін және шынайы өмірге бейім
жаңашыл ұрпақ оқыту қазіргі білім талабы.
Қазақ тілі
пәні оқушылардың сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады. Тілдің
қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсіне білуге, ойлау және танымдық қабілеттерін
дамытуға, коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуге және
өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйретеді. Сонымен қатар, дағдылармен байланысты тапсырмаларды орындау
қажет.
Әсіресе,
«Жазылым» сөзін естігенде, баланың ойына
қызықсыз, жалықтыратын әрекеттер келуі мүмкін. Әрине, «белгілі сөз көлемінде
жалаң тақырыпқа эссе жазу» тапсырмасы оқушыны жалықтыруы мүмкін. Жазылым оқушылардың жоғары мотивациясын қажет
ететін дағдылардың бірі болып табылады. Егер оқушылардың жазылымды орындауға
қызығушылығы болмаса, оқу үдерісі кезінде алынған тәжірибе тиімсіз болады.
Оқушылар
қазақ тілі пәнінен жазылым тапсырмасы кезінде «мәтіндерді түзету және
редакциялау» деген мақсат бойынша жұмыс жүргізеді. Ал, жазба жұмыстарын
электронды нұсқада орындап, түзету жұмыстарын жүргізу оқушыларға қаншалықты
тиімді/тиімсіз? деген сұрақ туындады. Осы мақсатқа сәйкес «Оқушыларға жазылым
дағдысын блог арқылы қалай үйрету болады?» деген сұраққа зерттеу жұмысын
жүргізуді ойладым. Алайда, қиындықтар кездесті. Ол – оқушыларда блог арқылы жазылым дағдысы қалыптаспаған.
Сол
қиындықтың шешу жолдарын іздедім. Информатика және орыс тілі пәні
мұғалімдерімен кездесіп, осы мәселені қалай шешуге болатындығын талқылап,
ақылдастым және ортақ шешімге келдік. Информатика (пән мұғалімі Нагибова
Гульзина Сапаргалиевна) және орыс тілі пәні мұғалімдерімен бірлесіп (Опря
Оксана Виктровна), қазақ тілі және орыс тілі пәндері кезінде «Блог арқылы
оқушылардың жазылым дағдыларын қалай жетілдіруге болады?» деген тақырыпта
іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын жазуды қолға алдық.
Әр
мұғалімнің өз функциясы болды. Информатика пәні мұғалімі блог ашып, оқушыларды
сол блокке тіркеу жұмыстарын жүргізді. Ал қазақ тілі және орыс тілі пәндері
мұғалімдері оқушыларға сол блогте жазылым тапсырмаларын орындаттық. Жазылым
тапсырмасы – аргументті эссе жазу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: блог инновациялық технологиясы көмегімен оқушылардың жазылым дағдысын
дамыту. Оқушыларды ХККЕ-ге дайындау.
(3-компонент «жазылым»)
Ең алдымен, іс-тәжірибедегі зерттеу жұмысына жоспар құрдық:
1.
Әдебиеттерге шолу жасау;
2.Оқушыларға
сауалнама жүргізу;
3.Блог
құру, оқушыларды тіркеу;
4.Оқушыларға
блогта жазылым тапсырмасын орындату;
5.
Оқушыларға жазба жұмыстарына пікір жаздырту.
(кем
дегенде 1-2 жұмысқа)
Әдебиеттерге шолу
Блог
– (ағылшынша «blog, web log» дегеннен, «желі журналы не оқиға
күнделігі») — үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, суреттерден, таспалардан
тұратын мәнді мағлұматы бар торап.
Блог – авторлық құрамына
байланысты блогтар топтық және дербес (корпоративтік, клубтық) және қоғамық
(ашық) болып бөлінеді. Құрамы бойынша - тематикалық және бірегей. Блог
қолданушыларға бір тақырыпқа өз пікірлерін (комментарийлерді) қалдыру блогтарға
тән қасиеті бар. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасын істейді және оның
чат, веб-форум, жаңалықтар тобы және электронды поштасынан біршама
артықшылықтары болады.
ЖОО және жалпы орта білім
беретін мектеп оқытушылары оқу процесінде блогтің пайдасы мен зиянын
талқылайды. Блог туралы мәтіндер өте
аз.
Оқу процесінде блог
туралы мәлімет берілген және блогтің қолданылуы туралы жазылған әдебиеттерге
шолу жасадық.
И.Х. Капанова, М.Б.
Досмагамебетова, А.Д. Конакбаевалардың «Оқу
процесінде блогті пайдалану» тақырыбындағы мақаласында авторлар блог
оқушылардың мотивациясын көтеретіндігін
жазады.
Сонымен қатар, ebsco базасындағы кейбір нәтижелерді де назарыңызға
ұсынамыз.
Morgan Hani «Creating a class
blog: a strategy that can promote
collaboration, motivation, and
improvement in literacy (University of Southern
Mississippi)» атты мақаласындаматематика
пәні мұғалімдерінің Ұлттық кеңесі
оқушының оқуын және жазылым дағдысын байытуға блогті пайдалануға мұғалімдер мен оқушыларды шақырады.
Автор өз мақаласында блог коллаборацияны қалыптастыратындығын және сауаттылығын арттыратындығын нақты атап
көрсетеді.
Morgan Hani Ховардтың пікіріне
сілтеме жасайды: «Оқушылар қарапайым жазылым процесіне қарағанда, блогте жазу арқылы бір-бірімен тез алмаса алады.
Автор блогте жазылым процесін ұйымдастырудың бірнеше жолдарын көрсетеді.
Мысалы; фото қою, жазылым жұмысына пікір қалдыру, тақырыпты талқылау т.б. Haile, JanuaryD. “Conf Chem Conference on Flipped Classroom: Usinga Blog ToFlipa Classroom” атты
мақаласында автор мұғалімнің өз пәнінде
викторина құрастырып және оны блогте орындатқанын, оған оқушылар
пікір қалдырғанын жазады.
Levy, BrettL., Journell, Wayne, He, Yi, TownsBrian
атты бірнеше авторлар студенттерді оқыту процесінде блогті үздіксіз
пайдаланатындықтарын жазады. «Students blogging about
politics: A study of students' political engagement and a teacher's pedagogy
during a semester-long political blog assignment”
атты мақаласында өз тәжірибесінде блогті пайдалану арқылы
оқушылар арасында саяси сұрақтарды талқылап және саяси пікірталас
ұйымдастырған.
«Learning From Our Mistakes: What Matters When
Incorporating Blogging in the Content Area Literacy Classroom» Hungerford-Kresser, HollyWiggins, Joy, Amaro-Jiménez, Carla өз мақаласында автор өзінің
іс-тәжірибесінде студенттер арасындағы жағымсыз реакциялар мен
қателіктердің алдын алу мақсатында блогті пайдалану – оң әсерін тигізген. Автор блогті үздіксіз пайдаланатын және пайдаланбайтын топ құрады. Ең алдымен,
олар әр түрлі блогтер құрады, бірақ нәтижесін анықтау өте қиынға соғады. Кейін
бір блог құрады және бір тапсырма береді. Олар блогті өз тәжірибелерінде қалай
пайдалануда соны анықтайды.
1.Автор сұрақ құрастырады;
2.Нәтижесін архивтейді;
3.Оң және теріс әсерлерін сараптайды;
4.Студенттер мынадай қорытындыға келген: Блогті
пайдаланып жазу – бәрінен ерекшелену.
Risinger, C. Frederick “Using Blogs in the Classroom: A
New Approach to Teaching Social Studies with the Internet” атты мақаласында
сыныпта weblogs қолданудың артықшылықтарын жазады. Weblogs
- диалог бола алады, оқытушылар
сұрақ құрастырып, оқушылардан жауабын ала алады.
Boyd, Patricia «Blogging in the classroom using technologies to promote learner-centered
pedagogies» мақаласында блогтің ерекшеліктерін, блогті пайдаланудың жолдарын
көрсетеді. Блогті пайдаланып жазу арқылы
оқушы ортада өзін тұлға ретінде сезіне алады. .
Boling, Erica, Castek, Jill, Zawilinski, Lisa, Barton, Karen, Nierlich, Theresa“Collaborative Literacy: Blogs and Internet Projects” атты мақаласында ғаламторда
блогты жүргізу сияқты технологиялық жаңалықтардың жазылым дағдыларын
жақсартқысы келетін студенттер санының көбеюіне жол ашқандығын талқылайды.
Мақала жұпта жазылым жұмыстарын құру үшін интернет-технолгияларды қолданатын
студенттерге назар аударады.
«Blogging as a Means of Crafting Writing”мақаласында
Lacina, Jan, Griffith, Robin блогты жүргізудің дұрыс бастамасы бойынша
нұсқаулық береді. Олар студенттерге ойларын айтуға мүмкіндік бере отырып, блогты қадамдап қолдануды ұсынады.
Оқушылар
WordPress.com сайтында блогті пайдалану арқылы оқушылар ой-өрісін дамытып, өз көзқарасын нақты аргументті тезис жазуды
үйренді. Жазылым тапсырмасын орындау кезінде нақты дәлелдер мен сілтемелерді орынды
қолданып жазуға дағдыланды. Оқушылардың
бір-біріне пікір қалдыруы арқылы өздеріне деген сенімділіктері
қалыптасты. Тіл байлығын дамытып, жазу дағдысын қалыптастырып, сапалы жазуға
төселді.
Қазақ тілі
пәні сабақтарында блогті пайдалану ыңғайлы әрі жазылым кезінде оқушылардың
қызығушылығын арттырады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасының негізінде
оқушыларға блогте жазылымды орындау тапсырылған. Блог-заманауи жазылым дағдысын
қалыптастыра алады.
Блогтің
өркен жаюы тек қана жазудың өркендеуі емес, ол қайта ой бөлісудің өркендеуі.
Өзгергендер тек аздаған әуесқойлар ғана емес, қайта бүкіл қоғам, мәдениет,
экономика, саясат сияқтылардың бәрі блогтің жаңаша ой бөлісу мәдениеті себепті
өзгерістерге сәйкес келеді
.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Оразбаева
Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. –А.: «Рауан», 1995.
2.
(http://volokhonsky.ru/internet/volokhonsky.pdf).(http://www.kspi.kz/files/articles/apso-29.04.14-40-42.pdf).
4.Қазақ тілі
сабақтарында тіл дамыту. Алматы., 1992.
Grellet, F. (2006). Developing
Reading Skills. Cambridge: Cambridge
University Press.
6.Harmer J. (2007). English
language teaching. England: Longmen
Комментарии
Отправить комментарий