Бегманова Айнур Ермағанбетқызы
Қызылорда облысы, Жанақорған
ауданы
№163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы әдіс-тәсілдердің
тиімділігі
Елімізде болып
жатқан саяси, әлеуметтік,
экономикалық және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізіп жатыр. Бұл өзгерістер
еліміздің мектептерінде тек жаңа
пәндерді енгізіп қана қоймай, сонымен бірге оқыту әдісінде өзгертуді талап етіп
отыр. Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген, оқушы тек
тыңдап қабылдап отырған. Қазіргі
кезде оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі
үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады. Осы әдістер арқылы әрбір
оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға
болады. Ал, бұл Бағдарлама жаңаша
оқытуды, сұрақ қоюдың тәсілдері басшылыққа
ала отырып, мұғалім
мен оқушы арасында,
оқушы мен оқушы
арасында диалог орнатуды
көздейді.
Оқытудың екінші, яғни мектептегі тәжірибе кезеңінде Бағдарламаның негізгі
ұстанымдары іс жүзінде
жүзеге асырылды десем
болады. Бұл өзіміздің күнделікті
оқыту тәжірибесінде
тізбектелген сабақтар топтамасын
жоспарлауда және оны
өткізу барысында жаңа
тәсілдерді қолдануда байқалды. Сұрақ қоюдағы негізгі мақсат – мұғалім мен
оқушы, оқушы мен
оқушы арасында диалог
орнату, кері байланыс
жүргізу, сыни ойлауға
жетелеу. Дәстүрлі оқытуда
сұрақ қою түрлеріне
мән бермейтінбіз. Мұғалімнің сұрақ
қою тәсілдерін дұрыс
меңгермеуінен оқушы сұраққа
жауап бере алмайды,
қабілеті төмен оқушылардың
сұрақты түсінбейтіндігін білдім. Бұл кедергілерді жою жолдары:
1.Сұрақ қою
тәсілдерін толық меңгеру;
2. Толық жауап беруге
итермелеу;
3. Түрткі сұрақтар беру;
нәтижесінде мұғалім мен
оқушы арасында диалогтік
сұхбат көрініс табады.
Диалогтік тәсілмен
дамытуда (МАН, 41-бет) мұғалім
төмендегідей нәтижеге қол
жеткізеді:
1. Оқушыларды тақырып бойынша
және сындарлы сөйлеуге
ынталандырады;
2. Оқушылардың шынайы
қызығушылығы мен сезімдерін
анықтайды;
3. Cыни тұрғыдан
ойлануға ықпал етеді;
4. Білімге құштарлықты
дамытады және зерттеуге
ынталандырады;
Орта мерзімді жоспарлауды
(ОМЖ) 5-сыныптың қазақ тілі пәнінен «Фонетика»
тарауы бойынша жасадым.
Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын тиімді пайдалануды көздедім. Бұл жоспарда оқушылар
пікірталас жүргізуге мүмкіндік
алады. Барлық төрт сабағымды
да топтастыру әдісі
арқылы жасадым. Ондағы мақсатым-оқушылар арасында
ынтымақтастық атмосферасын орнату. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі
– өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Жеке тұлғаны дамыту үшін
оқытудың жаңа технологиясы болуы қажет.
Әрбір тұлғаға жеке дара
қарау, әрбір оқушының ешкім көре алмаған қабілеттерін ашу деген үлкен
көрегенділікті талап етеді. Өз
сaбaқтaрымдa түрлі әдіс-тәсiлдерді пайдалaнa отырып, оқушылардың пікірін еркін
айтып беруіне және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік жасадым. Оқыту
мен оқу кезеңінде ұйымдастырылған сабақ құрылымында оқушылардың өз бетімен
мәтінді оқып, өздігінен түсініп, оның мазмұны мен идеясын ашып, ой қорыта
отырып, түйінді идея айтуға, білім алу барысында диалогтік оқыту тәсілі де
оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір тиімді
бағдарлама екенін түсініп байқадым.
Тізбектелген сабақтар
топтамасындағы алғашқы сабағым «Тоғыспалы ықпал» тақырыбы. Сабақты бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында жылы
шырай танытып жағымды ахуал туғызу үшін түсті қағаз қиындыларын таңдау арқылы
топқа бөлдім. Үй тапсырмасын сұрауда
оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескере отырып, “Миға шабуыл ” , “Ыстық
орындық”, “Ия не жоқ” әдістерін
пайдаланып, түрткі сұрақтар бердім. Сабақтың қызықты да тартымды болуына АКТ құралдарының мүмкіндіктері де оң әсер етті.
Оқушылар топтық жұмыстарда бірлесе жұмыс жасаған кезде ынтымақтастық
атмосферасын құра отырып, бір-бірінің пікірін тыңдап топта сөйлемей қалған бала
болмады. Бұл бағдарлама мазмұны жедел
түрде білім мен тәрбиенiң дамытуды ұштастырады. Сыни тұрғыдан ойлана отырып, білім
беруде икем мен дағды және ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы балаға
ықпал етіп, оқушының өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына
жағдай жасайтын тиімді әдіс екенін өз сабақтарымда бақылап, жетістігін көре
білдім. Әр сабағымда сұрақ- жауап әдісін әрдайым кіріктіріп отырдым. Сыныптағы
оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторларды атап айтқанда, балалардың
қалай оқитынын түсінуі; нені оқыту керектігін түсінуі; оқу үдерісін қалай құрылымдау туралы ұғым
қалыптасуы, оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі ( МАН, 29 – бет ) дей
отырып оқушы өздігінен білімді игеріп,
меңгереді. Оқушылар өзін – өзі
ынталандыра алады және осыған орай, ( Чиксентмихай, Райан, Деки ) оларда
ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Ой қозғау кезінде сөздердің айтылуы мен
жазылуын салыстыру мақсатында интербелсенді тақтаны пайдаландым.
“Ой қозғау” кезеңінде жаңа сабақтың
тақырыбын ашу мақсатында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде Мерсердің сұрақ қоюының
үш түрін пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларына қолдау көрсету
үшін мұғалім сұрақтарының дұрыс қойылу керектігіне мән бердім. Оқушыларға сұрақ қою түрлерін
өзгерттім.
Осы негізде сұрақ қоюдың үш тәсілін қолдандым:
1. Жан-жақты жауаптарды талап ететін
сұрақтар қою, ойлануға уақыт беру.
2. Сіз не қосар едіңіз деген
сұрақтар қою.
3. Сұрақты басқа оқушыға бағыттау.
Осы үш тәсілді қолдана отырып, балалардың сабаққа деген
қызығушылықтарын ояттым. Мұғалімнің сұрақ қоюы балаларды ойлантуға түрткі бола
алатындай болуы керек. Сұрақ қою маңызды
дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ
дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына
айналады (МАН, 38-бет) және де оқушылардың сыни түрде ойлауына қолдау көрсетіп,
оны жақсарта және кеңейте алады дей отырып, ашық сұрақ қою түрлерін қолдандым.
Бұл технологияның дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесінде уақытылы
өзгертіп отыруды талап етеді.
Дәстүрлі сабаққа қарағанда, топтық жұмыс
кезінде қызу пікірсайыстар болды. Бұл топтық жұмыстарда оқушы өз нәтижесін,
көзқарасын білдіре білуге қол жеткізді. Қандай топпен жұмыс болса да өзін
ойлан, жұп та бөліс, топ та талқыла дей отырып, ой шақырту стратегиясын
қолдандым. Мұндағы мақсатым - кез-келген оқушыға өзінің алғашқы білетіндеріне
оралып, оның ішінде осы түсінік пен сөзге қатысты білетіндерін таңдап алуға
мүмкіндік беру. Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бір - бірімен ынтымақтастықта
болуды, өзгенің пікірімен санасуды үйренеді. Сабақта топтық жұмыстар жақсы жүреді. Топтық жұмыс негізінде “Жұптасып-ойлан-бөліс”,Тіл-өнер “Сөздіктер сөйлейді” , “ Джигсо” әдістерін
қолдандым.
Оқушыларды жаңаша топтастырудағы мақсатым:
1. ЖАДА-ны орнату
2. Диалог жүргізу
3. Көпіршелер орнату
4. Сол күнгі тақырып оқушылардың өздері ашу арқылы сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету.
Бағалау
сәті.
Бағдаршаммен бағалау
Бір-бірін бақылай алады, жұмыстарын талдап, сол негізде
қорытынды шығара алады. Сол бойынша әр топ кезек – кезек ортаға шығып,
жұмыстарын қорғайды. “Жұптасып-ойлан-бөліс”әдісін пайдаланған кезімде
оқушылар өз топтарымен басқа топтарға өздерінің жұмыстарын түсіндіреді. Ал “ Тіл-өнер ”әдісі
бойынша оқушылар қазақ тіліндегі сөздердің орысша баламасын жазып,
“Джигсо” әдісі арқылы топтық жұмыстарда
бақылаушы бақылау парағын жүргізіп, бір – біріне жақсы тілектер мен
ұсыныстар айтты. Бақылау парағын жүргізуде аздаған қиындықтар туды. Топтағы әр оқушы көшбасшы
болуға тырысты. Бұл іс-әрекеттер оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттырды.
Топ әрқайсысы өз мүшелерін
сайлап алды. Топ мүшелері
өз міндеттерін мүмкіндігінше
атқарды. Әр топтан бір тәуелсіз сарапшы шығып, берілген тапсырманы
дәлелдеп, айтып шықты. Сабақ кезінде зерттеуге алынған (А,В,С) оқушылардың әр
әрекет қимылын бақыладым.
А деңгейлі оқушым сабаққа белсене араласып, топпен жұмыс
жасауда көшбасшылықты өз қолына алды. Менің назарымды аудару мақсатында ортаға
тек өзі шыға бергісі келеді. Алдыңғы сабаққа қарағанда өз-өзіне сенімді. Бұл
өзгерістер бұл оқушыны аша түскендей. Пікірін де еркін білдіріп отырды. Бұл
топтық жұмыста көрініс тапты.
В
деңгейлі оқушым топ жұмысына араласып отырды. Постер қорғағанда белсенділік
танытты өз ойын айта алды. Берілген тапсырмаларды қорғай алды.
С деңгейлі оқушым топтық
тапсырма болған соң еріксіз қосылуға тура келді. Бұдан кейін ол өзгелерден қалмай, шамасы келгенше сұрақтарға жауап беріп
отырды. Топтық жұмыста салынған
суреттерді бояп шықты.
Постер қорғауда топ ішіндегі С деңгейлі деп алынған оқушыларда шамалы да болса
өзгеріс алға жылжуды
байқағандаймын. Топтық жұмыстарды
жетістік критерийлері, екі жұлдыз, бір ұсыныс, бармақпен бағалау жүзеге
асырылды. Топтық жұмыста топты өзара бағалау үшін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы
бағалау бірінші сабағымда толыққанды ұсыныс бере алмай жатқаны байқалса, одан
кейінгі сабақтарда оқушылырдың ұсыныс беруде ұтымды, жетілген тұстары, ұсыныс
беруге дағдыланғандары байқалды. Жұптық жұмыс негізінде “Сен-маған, мен-саған”
әдісін пайдаландым. Жұптық жұмыс ретінде
“ Суреттер сөйлейді ”, “Көршіңе әңгімелеп бер” , “Түртіп алу” әдістері
бойынша жұмыс жасадым. Оқушыларды жұптастыра отырып, жұп арасындағы
диолог әңгіменің жүруін басшылыққа алдым. Олар жұптасу арқылы ой бөліседі.
Берілген тапсырманы талдайды. Өте қабілетті және дарынды балалардың ерекшеліктерінің бірі – үштік модель теориясы
адам санасында өңделетін адами зият. (Стернберг 2007).А деңгейлі оқушымда осы
қабілеттердің бар екендігін байқадым. Қабілетті балалар басқаларға қарағанда
негізгі міндеттерді жұмсауға аз уақыт жұмсайды.
Қандай да бір жұмысты
жоспарлауда инклюзивті
тәсілді пайдаланамыз. Фриманның сегіз
өлшемінің бірі мәселені шешу және
күрделіліккке деген сүйіспеншілікті ескере
отырып, жеке жұмыс ретінде
кеңейтілген тапсырмаларды алдым. Жеке жұмыс ретінде кеңейтілген тапсырмалар, Блум таксономиясын, Щолиер
табақшалары, құзырлылық тапсырмаларды
алдым. Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты
әсер ететінін айтады (МАН,39-бет). Осындай тапсырмаларды орындай отырып,
талантты және дарынды оқушыларды Фриманның
өлшемдеріне сай анықталып отырды.


Кеңейтілген
тапсырма
Блум таксономиясы
Выготский когнитивті дамудың, оқушылар
өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) (жас ерекшеліктеріне сәйкес
оқыту және оқу ) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. Сабақ соңында
оқушылардың бүгінгі сабақты қалай
қабылдау негізінде қорытындыладым. Джин Раддоктың «Оқушылармен
пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не
екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту»
деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқушының
оқу мен оқыту
туралы пікірлерін ескере
отырып, кері байланыс жүргіздім. Оқушыларға кері
байланыс жүргізу сұрақ
қою арқылы жүзеге
асып, сынақтан өткізуде
сыни ойлауға жетелейді. Рефлексия ретінде оқушылар өз ойларын стикерге жазып, жапсырды. Менің түйгенім бұрынғы дәстүрлі
оқытудан бұл жаңаша оқытудың айырмашылығында бірталай алшақтық бар. Ал, мұғалім тұрғысынан алғанда, оқушыларды
сыни тұрғыдан ойланту үшін өзімнің де
өзгеру керектігімді, педагогикалық
ұстанымымды да біртіндеп өзгерту керек екенін түсіндім. Бұл
іс-әрекеттегі зерттеу кезінде мен тәжірибелік тұрғыдан көп нәрсені үйрендім. Іс-әрекеттегі зерттеуді,
өзгерістерді алдағы сабақтарымда біртіндеп
жүзеге асырылатын өзгерістердің алғашқы қадамы, баспалдағы деп
түсінемін. Өз бойыма көптеген түрлі
жұмыстарды ықпалдастыруыма тура келді. Жаңаша оқытудың бір өзгерісі топтастыру
арқылы оқыту. Топтық жұмыстың оқушының ынтасын арттыруда, ең бастысы сынып ішінен өз орнын табуына
әсері бар екенін байқадым.Топтасу арқылы оқушылар арсында ынтымақтастық
атмосферасы қалыптасты. Сыни ойлау неліктен
маңызды? Сыни ойлай
білген бала белгілі
бір дереккөздерге сүйене
отырып, дәлелдей алады. Оқыту мен
оқуда жаңа тәсілдерді пайдаландым. Сабақ үстінде түрлі әдістер арқылы оқытудың
қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдандым. Бұл бағалаулар оқушылардың ынтасын,
құлшынысын арттыра түскендей.




«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бағалау парағы «Мадақтау
сэндвичі» бағалау парағы
Кері байланыс жазуға
берілген уақыт бес минут болатын. Оқушылар өтілген сабақа шолу жасап, сабақтан
үйренген, қиын болған тұстарын, сұрақты стикерлерге жазу арқылы берді. Кері
байланыс ретінде “БББ”, “Стикер жапсыру”, “Смайлингтер”, “Бір минуттық эссе” парақшаларын пайдаландым.
Әрбір сабақ үдерісінің соңында кері
байланыстың орны ерекше. Өйткені,кері байланыс орнату арқылы оқушының жеке көзқарасын, іс – әрекетінің шынайылығын бағамдай аламын. Мұғалім
үшін әрбір оқушының пікірі құнды. Сондықтан осы кері байланыс кезінде орындалған жұмыс оқушы мен
мұғалім үшін де тиімді. Мен оған әр сабақтағы оқушылардың шынайы пікірі арқылы
көз жеткіздім. Олардың топтық, жұптық жұмыстарға қызығушылық танытқанын білдім. Кері байланыс арқылы сабақтың табыстылығы мен
сәтсіздігін айқындауға болады.
“ Жас
көңіл тың жер тәрізді, не ексең сол шығады, әрі мол шығады” деген
екен Ғабиден Мұстафин ағамыз. Ендеше, бұл жаңа тәсілдер арқылы
оқушыларда өзін–өзі реттеу үдерісі қалыптасады. Яғни оқушыларда түсіну,
бақылау, қадағалау қабілеттері дамиды Өзі-өзі реттеу мен метатанудың дағдыларын
дамыту – балалардың саналы оқушылар болып шығуларының кілті болып табылады.
Кері байланыста оқушылардың ұнатқан тұстары көп болыпты. Менің түйгенім,
қай кезеңде де жаңалықты енгізу оңай емес. Ол бірден жүзеге аспайды. Біз сол
жаңашылдықты, өзгерістерді енгізуге деген
алғашқы қадамдарымызды жасадық. Әрине, бұл қадам да нәтижесін бірден өз
дәрежесінде көрсете алмауы қалыпты жағдай деп ойлаймын. Ең бастысы, біздің осы
бастамаларымыз әрі қарай жалғасын табуы керек. Ол үшін мұғалімге шыдамдылық,
табандылық, төзімділік пен жігер керек.
Рефлексия оқушылардың
орындаған жұмыстарына баға беруіне, салыстыра отырып, ой толғау жасауына
көмектессе, ал мұғалімге кері байланыс жүргізу арқылы оқушы жұмыстарының әлсіз
және табысты жұмыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұрын дәстүрлі оқыту жүйесінде бағалау
мұғалім тарапынан оқушының жауабы салыстырмалы түрде сабақ аяқталғанда ғана
немесе бір жұмысты орындағанда ғана бағаланса, ал қазір оқушылардың білімі ғана
емес олардың ортамен дұрыс қарым қатынасы, өзін-өзі дамытуы өзіндік білім көтеруі, белсенділігі, сыни
көзқарасы да бағаланып отырады және бұл
бағалау оқушыны оқуға ынталандырады.
Жалпы рефлексия жазу барысында сыни
ойлана отырып, оқушылар оқуға деген қызығушылығын арттырып, қана қоймай, кез-
келген нәрсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей
алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізді.
Бұл
Бағдарлама арқылы оқыту, ондағы жаңа әдіс тәсілдерді пайдалану біз мұғалімдер
қауымы үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін аңғардым. Өзімнің оқыту және оқу
тәжірибемде бұл Бағдарламаның тиімді идеяларын қолдануда ойлану және одан әрі дамытуға арналған түрлі
тәсілдерді қолдандым.
Сәтті тұстарым:
1. Жұптық
жұмыста сұрақ қою тәсілдерін тиімді қолдануы, түрткі сұрақтарға нақты жауап
бере алуы.
2.
Оқушылардың әңгімені өз бетімен құрастырып, мәтіндегі рөлдерді сомдай алуы.
Сәтсіз
тұстарым:
1. Топтық жұмыста оқушы мен оқушы арасында
диалогтың өз деңгейінде өрбімеуі. 2. Топтық жұмыста топ ережесінің
сақталмауы.
3.Талқылау кезінде ойын ашық жеткізе
алмауы. 4.Тапсырманы
орындауда мотивациясы төмен оқушының белсенділігінің төмен болуы.
Келешекте:
1.Диалогты сабақтың барлық
бөлімдеріне жүйелі енгізу.
2.Топтық бақылау парақшалары
бойынша өз міндеттерін атқаруды жүйелеп, нақтылап бақылауға алу . 3.Оқушылардың арасында
диалогтік әңгіме жүретіндей әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану. 4. Мұғалім тарапынан қалыптастырушы бағалау
жүргізу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мұғалімге арналған
нұсқаулық Үшінші (базалық) деңгей.www.cрm.kz
2.
Қазақ тілі мен
әдебиеті. Әдістемелік басылым. 03.2015.
3.
Қазақ тілі 5-сынып
Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова. Алматы “Атамұра”2010
Комментарии
Отправить комментарий