Серғазы Қалиевтың ғылыми мектебінің
ерекшеліктері
Кәкімбек Аюбай- деректанушы
Қазақ ғалымдарының ғылыми
мектептерінің туу, қалыптасу және олардың өзіндік ерекшелікгері мен бағыттары
туралы зерттеу еңбекгері жоқтың қасы. Көптеген зерттеулер белгілі ғалымның еңбекгерін
жан-жақты қарастырғанымен, ғалымның ғылыми мектебі жөнінде сөз қозғай қоймайды.
Қозғаған күңце ол адамнан оқыған, дәріс алған немесе диссертация қорғаған
шәкірттер санын көрсетумен шектелетіні мәлім. Ал шәкірттің бәрін бірдей
ғалымның ғылыми мектебіне қоса берудің реті келмейді.
Қазіргі өркениет заманында
шығармашылықпен айналысушы тұлғаның “ұжым адамына” айналуы туралы сөз қозғай
отырып, белгілі ғалым Ш.Таубаева ғылыми мектептің қалыптасуы жөніндегі
теориялық еңбектерге ой жүгіртіп, Қазақстанда жеке ғалымдардың ғылыми-білімдік
мектептері мен зерттеу ұжымы мектептері қалыптаса бастағанын көрсетеді.[1]
Біз бұл мәселе жөнінде
Ш.Таубаеваның пікірлеріне толық қосыламыз. Әйткенмен, қазақ ғалымдарының ғылыми
мектебі туралы зерттеулер жоқтың қасы. Осындай өзіндік ғылыми зерттеу мектебін
қалыптастырған ғалымнын бірі – профессор С.Қалиев туралы ой бөлісуді жөн
көрдік.
Кезкелген ғалым өз саласы бойынша
бүрынғы және өз түсындағы теориялық, практикалық жетістіктерді оқып үйрену,
меңгеру және өзіндік тұжырымдар ұсыну кезеңдерінен өтетіні мәлім. Профессор
С.Қалиев та осындай жолдардан өтті.
Қазақстанда
этнопедагогика ғылымының негізін салушы ғалым профессор С. Қалиевтың ғылыми
еңбектері туралы жазылған еңбектер аз емес. Бірақ ол кісінің ғылыми мектебінің
қалыптасуы туралы жазыла қоймағаны байқалады. Ең алдымен бұл – ғылыми мектеп.
Ғылыми мектептің өзіндік бірнеше ерекшеліктері бар.
Соның
біріншісі – авторлық тұлға. Бұл тұрғыда С.Қалиев мектепте бастап, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы
директорының орыбасары болып, жоғары оқу орындарына дейінгі барлық білім
саласынан сатыдан өткен білікті маман
саналады. Сонымен бірге мектепте қарапайым мұғалім болудан бастап, педагогика
ғылымының докторы дәрежесін алып, профессор, академик деңгейіне жеткен ғалым.
Әрі барлық қызметте ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген лидер. [2]
Келесі
ерекшелік – автор идеяларының жаңашылдығы, ертеңге бағыттылығы. С.Қалиев 1980-жылдарың
ортасында халық педагогикасымен тығыз айналыса бастаған кезде оның салт-дәстүр,
ауыз әдебиеті туралы зерттеулермен шектелуін байқайды. Енді ұлттың осы ұлы
мұрасын мектепке және ғылыми педагогика аясына ендіру идеясы ойға келгенімен,
ол кеңестік тәрбие жүйесіне жат еді.
Сондықтан бұл идеясын қазақ халқының тәлімдік ойларын жинақтап, жүйелеу
арқылы іске асыру жолдарын қарастырды.
Автор идеясы
бойынша ғылыми жоба құру – ғылыми мектептің кезекті ерекшелігі. С.Қалиев Қазақстан
мектебі мен педагогикалық ойлары туралы әдебиеттерді жинап, талдап, сұрыптап,
олардың қысқаша аннотациясын әзірлеп, баспадан шығару туралы ғылыми жоба
жасады.
Жобаны іске
асыру үшін өзі жетекшілік ететін уақытша шығармашылық шағын топ құрып, оның
құрамына араб тілінің маманы К.Аюбаев пен орыс тілінің маманы С.Қалықованы алды.
Сөйтіп, екі бөлімді аннотациялық көрсеткіш жарық көрді. [2]
Осы тұста
КСРО Педагогика ғылымдар академиясынан Қазақстанның педагогикалық ойлары
антологиясын құрастыру туралы тапсырма келеді.
Ғалым оған
да жоба әзірлеп, жұмыс тобын құрды. Шығармашылық жұмыс тобына псхолог профессор
Қ.Жарықбаев, К.Аюбаев, С.Қалықова қосылады. Сонымен бірге сырттан тіл, әдебиет,
тарих, философия, т.б. салалар бойынша көптеген белгілі ғалымдар мен білікті
мамандар тартылды.
Осылай
шығармашылық ғалымдар қауымдастығының құрылуы – С.Қалиевтың ғылыми мектебіне ерекшеліктің
бірі.
Осы құрамда
әзірленген Қазақстан педагогикалық ойлар антологиясы кеңес өкіметі ыдырауына
байланысты, Мәскеуден шықпай қалып, Қазақстанда орыс тілінде бір томдық, қазақ
тілінде екі томдық болып жарық көрді. [4], [5] Олар содан бері педагогикалық
зерттеулер үшін дереккөз ретінде пайдаланып келеді.
Кеңес өкіметі
ыдырағаннан соң бұл мектеп және бір келелі мәселеге көңіл аударды. Ол –
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ тәлімін теориялық тұрғада қайта
қарастыру мәселесі еді. Осы кезге байланысты академик К.Нәрібаев: “Одақ
құлағаннан кейін, біз білім жүйесінен кеңестік тоталитарлық идеологияны
аластағанымызбен, өзіміздікін жасамадық. Вакуумды батыс үлгілерімен толтыра
бастадық” — деп жазды. [6]
Аталған вакуумды ұлттық
өз идеологиямызбен толтыру үшін қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін қайта қарап
зерделеу міндеті түрды. Соған орай халықтық педагогикаға деген сұраныс шұғыл
көтерілді.
Халықтық тәлім-тәрбие
сол халықтың өзімен бірге туып, бірге дамитын күрделі қүбылыс. Әрбір ұлттың
өзіндік ерекшелігі оның географиялық ортасы, қоғамдық-әлеуметгік болмыс-бітімімен
қатар, ең алдымен сол халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы арқылы көрініс береді.
Яғни ол ұрпақ тәрбиесінің күнделікті тіршілікгегі үзілмес үрдісі болып
табылады. Өйткені халықтық педагогиканың негізгі міндеті –қоғамдағы қалыптасқан
дәстүрлі тіршілікгі жалғастыру үшін болашақ ұрпақты алдағы тіршілік күресіне
әзірлеу. Демек, салт-дәстүрді сақтау ересектер үшін қасиетті парыздың бірі
болса, оған үйрену, игі қасиеттерін бойына сіңіру жас ұрпақ үшін ауадай
қажеттілік. Олай болмаған күнде жас ұрпақ өзінің ұлттық менталитетінен
айырылып, өзге ұлттық меңталитетке сіңісіп кете алмай, аралық күйде қалуының
зардабын тартамыз.
Сондықиан ғалым ілгерідегі ұлттық
салт-дәстүрді мектепке және ғылыми
педагогика аясына ендіру идеясын жүзеге асыруды қолға алды. Өз басшылығымен
бастауыш сыныптан бастап жоғары оқу орындарына дейін түрлі бағытта бірнеше
шағын шығармашылық топ құрып, бағдарламалар түзеді. Онда Қ.Жарықбаев,
С.Иманбаева, М. Құрсабаев, М.Оразаев, М. Смайылова, З.Әбілова, Ә. Ашайұлы, т.б.
болды.
Осындай жетекші, оның шәкірттері және шәкірттерін
қамтыған ұжым ғылыми мектептің үш ғылыми ұрпақтық ерекшелігін көрсетеді.
Осылардың
ішінде өз бағдарламаларын құрып, жетекшілік еткендер де бар. Мысалы,
М.Құрсабаевтың «Атамекен» бағдарламасы өзінің сан тараптылығымен, қазіргі өмір
талабын толық жауап алуымен және жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу қуатымен
ерекшеленіп, бүкіл Қазақстанға кең таралды. [7]
Бұл С.Қалиевтың
ғылыми мектебіне тән бірнеше лидердің болу ерекшелігі.
Бағдарлама,
әдістемелік әзірленімдерді авторлар өздері мектептерге насихаттап, таратып,
әдістемелік кеңестер берді. Нәтижесінде Қазақстан мектептері осы
бағдарламаларды басшылыққа алды.
Ғылыми
өнімді өздері әзірлеу, оларды насихаттау және тарату С.Қалиевтың ғылыми мектебіне
тән және бір ерекшелік болып табылады.
Жоспарланған
іс бойынша белгілі ғалымдар мен жетекші мамандарды тартып, бейресми ұүжымдық
түрде жұмыс істеу сипатының басымдығымен дараланады.
Бұл
С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән бейресмилік пен ашықтықты білдіреді.
Сонымен
бірге С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән
түрлі сала ғалымдарының қазақ тәлімі тарихы бойынша идеяластығы мен
қүлшыныскерлігі (энтузиазмі) айқын байқалады.
Қазақстанды мекендеуші
өзге ұлт диаспораларының қазақ тәлім-тәрбиесінің қалыптасуына белгілі деңгейде
ықпалы бар. Осыған орай С.Қалиевтың жетекшілігімен Рсепубликамыздағы бірнеше
халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары зерделенді.
Қазақстанды мекендеуші өзге ұлт диаспораларының тәлім-тәрбиесін назарда
ұстау да С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән
қасиет.
Қазақ тәлім тарихына
ежелден қатысы бар ұйғыр, өзбек, әзербайжан, түрік халықтарының
әдет-ғұрыптарының ұқсастықтары айқын аңғарылады. Ал, орыс, украин, неміс, поляк
халықтарының салт-дәстүрлері еуропалық ерекшеліктерін байқатады. Бірақ,
бұлардың барлығына ортақ бір қасиет – жалпы адамзаттық құндылық сипаты.
Ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықты ұштастыра қарастыру да –
С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән
үрдіс.
Патшалық жөне кеңестік
Ресей кезеңдегі бір мемлекет құрамында болған бұл халықтардың кейінгі салт-дәстүрлеріндегі
өзгерістер бәрімізге ортақ болып табылады.
С.Қалиевтың
ғылыми мектебіне тән және бір ерекшелік – осы ТМД елдері халықтарының салт-дәстүрлеріндегі
ортақ сипаттарға назар аудару.
Онда халық педагогикасының
ауыз әдебиетіндегі көрінісі жан-жақты қамтылады. Қазақ тәлім-тәрбиесінің
тарихы тереңнен қозғалады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері зерттеліп, әр қырынан
ашылып, оларды мекепке ендіру жолдары айқындалады.
Мәселені
кешенді қарастыру – С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән ерекшелік.
1990 жылдары этностық педагогика және психология ғылымдарын профессорлар
С.Қалиев пен Қ.Жарықбаев республикамызда алғашқылардың бірі болып, шығармашылық
ынтымақтастықпен зерттеу ісіне кірісті. Бұған қарап, бұрын халықтық педагогика
болмаған екен деген үғым тумауы тиіс. Аталған ғалымдар кеңестік тоталитарлық
режимнен кейін осы ғылым салаларына қайта оралған буынның алғашқы өкілдері
болуымен бағаланады. Олар "халықтық педагогика және психология",
"этнопедагогика және этнопсихология" терминдерінің жігін ашып, алдыңғысы
практикаға, соңғысы ғылымға тән қолданылатындығын көрсетті. [8]
Энопсихолог
профессор Қ.Жарықбаев пен энопедагог С.Қалиевтың ұзақ жұптаса еңбек етуі – осы ғылыми мектептің басты
ерекшелігінің бірі.
С.Қалиев мектебі шетелдермен де ынтымақтастық байланыс
жасайды. Ол басқаратын ұжым көп жылдар Монғолиядағы қазақтар мекендейтін
Баянөлгий аймағымен, Қырғызстандағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтымен,
жоғары оқу орындарымен үзбей байланыс жасап келеді. Қазақ пен қырғыз халқының
туысқандығы, тарихи тамырлас халық екендігі белгілі. Олардың дербес ұлт ретінде
қалыптасуға дейінгі тарихи және тәлімдік мұралары екі елге де еншілес.
Кезінде жас
ғалым С.Қалиев кандидаттық диссертациясын Қырғызстанда қорғаса, кейін профессор
С.Қалиев сол елдегі жас ғалымдардың ғылыми еңбектеріне оппонент болумен бірге,
Б.Әбдиевке ғылыми жетекші болып, кандидаттық диссертация қорғатты.
Профессор
С.Қалиевтың тікелей жетекшілігімен Монғолиядан Қ.Қабдыразақұлы, Ә.Ашайұлы
кандидаттық диссертация қорғап, халықтық педагогика бойынша осы мектептің
үрдісін өз елдерінде жалғастырып келеді.
Мемлекеаралық
ынтымақтастық С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән қасиет.
Профессор
С.Қалиев пен К.Аюбайдың құрастыруымен Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясының он
томдығы жарық көрді. Онда қазақ тәлімінің
үш мыңжылдық тарихы қайта қарастырылып, оған қатысты дерек көздер жинақталып,
зерделеніп, сұрыпталып оқырман қауымға ұсынылды. [9]
Онда халықтық тәлімнің ауыз әдебиетіндегі
көріністері тағылымдық тақырыптар бойынша
топтастырылып, жыр жөне қарасөз түріне бөлініп, екі томға берілді.
Ежелгі
дәуірден - ХІҮғ. рулар мен ұлыстардың әлі ұлтқа бөліне қоймаған кезеңін
қамтиды. Сондықтан бұл дәуір ескерткіштері қазіргі көптеген ұлттардың ортақ мұрасы
болып табылады. Соңғы уақытқа дейін назарға ілінбей келген сақ, тұран, иран
дәуіріндегі ежелгі жазбалар қамтылды. Көне түркі жазба ескерткіпггері — түркі
тайпаларынан аса бағалы тарихи-мәдени жазба мұралары болып табылады.
Ескерткіштердің қысқаша мазмұны таныстырылып, аудармалардың түрлі нұсқаларынан
үзінділер берілді. Түркі халықтарының ислам дінін қабылдауымен байланысты араб
және түркі халықтары мәдениетінің кірігуі нәтижесінде қалыптасқан ілкі
ортағасырлық мәдени жазба мұралар қамтылды. Қазақ халқы өз алдына хандық құрып,
мемлекет болып, өзіндік ерекшелігі, болмыс-бітімі айқындалған тұстағы тәлімдік
мұралар берілді. Қазақ халқы Ресей империясының қоластына енгеннен бастап,
ұлттық тәлім-тәрбие өзгерістерге түсте бастады. Дәл осы кезеңде қазақ мектептері
арасында үш ағым пайда болды: қадим, орыс жөне жадид ағымдары. Осы ағымдарға
байланысты педагогикалық ой-пікірлер көрініс берді. Кеңестік кезеңде қазақ тәлім
тарихы айтарлықтай ілгері басты. Қазақстанда мектептер ашылып, халық тұтастай
сауаттандырылды. Түрлі сатыдағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары
жұмыс істеді. Педагогка ғылымы қалыптасып, ғылыми-зерттеу жұмыстары үздіксіз
жүргізілді. Бұлар жеке томға енгізлді.
Тәуелсіз
Қазақстанның 2000-жылдарға дейінгі тәлімдік ойлары жинақталды.
Антологияның
дәстүрден тыс өзіндік ерекшеліктері мынадай:
1.
Халықтық тәлімнің ауыз
әдебиетіндегі көріністері жыр жөне қарасөз түріне бөлініп, екі томға берілді.
2.
Б.з.б. 1-мыңжылдықтан бергі көне жазба деректер тұтас қамтылды.
3.
Кеңестік дәуірде мансұқ етілген діни мұралар айналымға кіргізілді.
4.
Қазақ мерзімді басылым тағылымдары дербес томға жинақталды.
5.
Шетелдік қазақ диаспорасының тәлімдік ойлары топтастырылды.
6.
Қазақ тәлімі шетелдік зертгеушілердің ой-пікірімен толысты.
7.
Қазақстандық өзге ұлттардың тәлімдік ойлары жеке томда берілді.
8.
Сөйтіп, Антология әрі ұлттық мәдени мұра, әрі тәлімдік дереккөз, әрі оны
оқып үйренушілер үшін қосымша әдебиет болып табылады.
Сөйтіп,
қазақтың тәлімдік ойларын ежелгі сақ дәуірінен бастап бүгінге дейін жан-жақты,
шетелдік қазақ диаспорас мен Қазақстандағы өзге ұлттар диаспорасын қоса тұтас
қамту – С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән басты ерекшеліктің бірі.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1 Таубаева Ш. Развитие
теории педагогического процйсса научной школой ученого-педагога Н.Д.Хмель. //Вестник
Академии педагогических наук Казахстана.-2005, номер 1.- С. 26-34.
2 Сексеннің сеңгіріндегі
Серағаң. Құаст.: К.Аюбай, Ғ.Байғұлов.- Алматы: Полиграфия Севис и К.-2006.-
446.
3 Калиев С., Аюбаев К.,
Каликова С. Краткий аннотированный указатель литературы по истории школы и
педагогической мысли Казахстана. На двух языках. часть I; II. — Алматы: Кітап –
1987.- 1990.
4 Қазақтың төлімдік
ой-пікір антологиясы. (Құаст: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев.) 1, 2 том. -Алматы:
Рауан—1996, 1998.- 414 б.
5 Антология педагогической
мысли Казахстана (сост. Проф. К.Жарикбаев, С.Калиев). Алматы “Рауан”, 1995.-
512 стр.
6 Нарибаев К. Интеграционная
политика в области высшего образования. //Вестник Академии педагогических наук
Казахстана.—2005, № 1, С. 14-21.
7 Құрсабаев М.Қ.
Атамекен бағдарламасы және Атамекен ұйымы.//Қазақстан мектебi, №7-8/1994
8
Қалиев С., Жарықбаев Қ. Қазақ төлім-төрбиесі-Алматы: Санат- 1995-350 б.
9
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. Он томдық. /Құраст.: С.Қалиев,
К.Аюбай.-Алматы: Сөздік-Словарь, 2005-2010.
Комментарии
Отправить комментарий