Оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланудың тиімділігі Тұрмахан Гүлмира -№254мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап бекеті Ел түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген А.Байтұрсынұлының жүрек түкпірінен шыққан сөзінің бағасы осы күнге дейін салмақты ой салатындығын ескере отырып, оқушыны тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңызды-ақ,бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні оданда маңыздырақ екенін ұмытпағанымыз жөн.Мұғалімдер міне осынысымен бағаланады. Сондықтан да елімізді түзеу мектеп қабырғасынан, ұстаздардың еңбегінен басталады. Ал енді,қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы о...