Ержанова Гүлмира
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№3 мектеп- интернатының
мұғалімі
Мектептегі
білім беру үрдісінде жаңаша оқыту идеяларын ендіру тәсілдері.
Оқушының танымдық күшін қалыптастыру, дамыту бала
жанына жүрегіне жылылық ұялатады. Баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық
шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Оқушының ойлау қабілетін дамыту, өздігінен
жұмыс істеуге баулу. Ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру. Шапшаң, түсініп,
қатесіз оқуға дағдыландыру.
Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын
мәселелердің бірі- оқытудың ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану болып табылады.
ОҚытудың жаңа педогогикалық
технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа
негізделген ізденістерді қажет етеді.
Осындай мақсат көздеген
жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық
жетілуіне мүмкіндік береді.
Педогогикалық технология –
мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге
жетуге мүмкіндік беретін іс әрекеттер көзі.
Бірінші бағыт тұрғысынан алып
қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік дағдыны игеру үшін қажетті ресурс
болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды,
ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу- тәрбие үрдісін
ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының
2015 жылғы дейінгі білім, беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары
білімді дамудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды
ғылыми- зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен
тығыз байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру көзі» деп атап
көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педогогикалық ұйымдастыру
тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен
және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Қазіргі заман педагогтерінің
негізгі мақсаты- білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке
тұлға болып қалыптасуына мүмкүндік
жасау.
Осыған орай, соңғы кезде
оқытудың әр түрлі педогогикалық
технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіп қолдануда.
Педагогика ғылымдарында
баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан- жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру болғандықтан жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты
бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Бұл оқу құралда жаңа педогогикалық
технологияны меңгерудің міндеттері жолдары қолданудың әдіс- тәсілдері сонымен
қатар педогогикалық технологияның түрлері оны оқу үрдісінде қолданудың
тиімділігі қарастырылады.
Жаңа
педогогикалық технологияларды пайдалану.
Бастауыш сынып мұғалімдерін
даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан иесі оның құрылымын ұйымдастырылуын,
мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен
өзара байланысын қайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғарғы оқу орынында
мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына,
оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу -тәрбие
үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педогогикалық технологияларды
пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық
іс- әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу
тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге
септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық
технологиялық мәселесі теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан
зерттеу арқауы болып отыр.
Теориялық тұрғыдан алып
қарағанда педагогикалық технология- педогогикалық категориясы ретінде
қарастырылады. Оның мәні мен құрылымы айқындалады, педогогикалық іс- әрекеттің
әр түрлі саласындағы дидактика, тәрбие, білім беруді басқару педагогикалық технологияның
ғылыми негіздерін оқып- үйренеді, Педагогикалық технолагияны жобалаудың
әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және педогогикалық технология теориясының
негіздері ашып көрсетіледі.
Ғылыми – педагогикалық
зерттеулерге жасалынған талдау жаңа педогогикалық технологиялардың бірнеше
түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Енді солардың ішінен жоғары
оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
Бүгінгі таңда Республикада
және аймақтағы экономикалық нарықтың қатынастардың қалыптасу жағдайында
еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында , оның
ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру
өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Дәстүрлі оқыту
технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне
кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен
көрініс табуда.
Осыған орай оқу- тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі
технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын
жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Қазіргі кезде мектептің оқу- тәрбие үрдісінде 50- ден астам
педогогикалық технологиялардың
қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту
мүмкін емес.
Сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап,
іріктеу және оны іс- әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім
жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының
әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда «Математика»
пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретінде
деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.
Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке
танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс.
Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған
іс- әрекеттік модель ретінде
қарастыруға болады.
Оқытудан күтілетін нәтижелер
тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру,
жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс
жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі
практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс- әрекеттік-
.......компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін- өзі
білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне
мүмкіндік береді.
Қазіргі ғаландану және
техникалық қарқынды даму кезінде оқу- тәрбие үрдісінде өзекті ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып
табылуда.
Оқу тәрбие үрдісін ізгілендіру- жеке тұлғаның еркін дамуы үшін
оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін
дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептің бастауыш сатысында оқу- тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-
әрекетпен мұғалім мен оқушының өзара қарым- қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы
оқушының ойлау белсенділігін арттыруға болады.
Мұнда негізгі және жетекші
үрдіс- іс- әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі-
оқушылардың өздері ақпараттар жинап,өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп,
жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.
Ол өз пікірін бір- біріне
топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның
адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа
процессуальдық біліктілігіне, ақпаратты
алдын- ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға
көңіл бөлінеді.
Математика сабағында
оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлау, іс- әрекеті, өзара қарым- қатынасы
және өзінің сана – сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез
салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс- әрекеті қалыптасады.
Қазіргі нарықтық эканомиканың
сұраныстарын қанағаттандыруға және эканомиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды
компонентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі
технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет.
Комментарии
Отправить комментарий