К основному контенту

Тұрмахан Гүлмира. Оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланудың тиімділігі

              Оқытудың әдіс-тәсілдерін  пайдаланудың тиімділігі

Тұрмахан Гүлмира -№254мектептің  бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап бекеті

      Ел түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген А.Байтұрсынұлының жүрек түкпірінен шыққан сөзінің бағасы осы күнге дейін салмақты ой салатындығын ескере отырып, оқушыны тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңызды-ақ,бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні оданда маңыздырақ екенін ұмытпағанымыз жөн.Мұғалімдер міне осынысымен бағаланады.
     Сондықтан да елімізді түзеу мектеп қабырғасынан, ұстаздардың еңбегінен басталады.
      Ал енді,қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең,солай өседі.Сондықтан баланың бойында жақсы
қасиеттердің болуына,олардың жан-жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып,оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.
    Өзімнің жұмыс тәжірибемде ана тілі пәнін жаңа тәсілдерді пайдаланып сабақ өтіп жүрмін. Сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. Әрине,бастапқыда қиындау болды. Уақыт өте келе оқушылар топқа бөлінуге,топтасып жұмыс жасауға дағдыланды.Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып,бір-бірімен пікір алмасып,идеяларын ортаға салып,баға бере біледі.
     «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймайды,ол сонымен қатар,мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды»,деген ойды ескере отырып оқушылармен сабақты бастамас бұрын,өзара ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керектігіне көзім жетті.Сонығ арқасында сыныпта мүлдем сөйлемейтін,оқушылармен араласпайтын Әкім Құрбанәлі деген оқушым қол көтеріп сұраққа жауап бере бастады.Жауабы дұрыс борлмаса да, сенікі дұрыс емес демедім. Өйткені осы әрекетінің өзі алға қарай ұмтылысы бар дегенді білдіреді.
     Топ мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысты,топта ынтымақтастық атмосферасын құра отырып,жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды.
     Сабағымда міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданамын. Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамын.
Сұрақ қоюдың төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі бар.
     Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінсе,ол жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Мұндай төмен дәрежелі сұрақтарды үлгерімі төмен оқушыларға қоямын.
Өйткені оларға бірден жоғары дәрежелі сұраққа жауап беру қиынға соғады.Дегенмен үлгерімі төмен деп, тек қана төмен дәрежелі сұрақпен шектеліп қана қоймай бірте-бірте сұрақтарды күрделендіріп сол оқушыларды алға қарай жетелеуге тырысамын.
     Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып,іздене отырып жауап беруге тырысады.Мұндай сұрақтарды үлгерімі жоғары оқушыларға қоямын. Ал оқушының берген жауабы қате болған жағдайд оларды бірден тоқтатып,қате демедім.Жіберген қатесін түзету үшін сұрақты басқаша,оңайлатылған түрде қойып,тағы да ойлануға мүмкіндік бердім.Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қоя отырып дұрыс жолға түсуіне көмектестім.
     Егер қате жауабын бас изеп қабылдай берсек оқушы «мен білемінге» салынып тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін.Білім берудің диалогтік тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда сұрақ қою арқылы оқушының: сындарлы сөйлеуіне ынталандыруға,білімге құштарлығын оятуға,сын тұрғыда ойлауға ықпал етемін,бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп,оны құрметтей білуге,өздерін және өзгені бағалай білуге,бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге,ойын жинақтап,талдауға үйренетіндігін, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы,оқушы мен оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру арқылы ой белсенділігіне көз жеткіздім.
   Дәстүрлі сабақтарда қойылған сұрақтар бала ойының дамуына кедергі болатынын және ойын тежейтініне көзім жетті.Оқушы жауабын дәлелдей алмай құр айта салғанын түсіндім.Сондықтан оқушының айтылған жауаптарынан кейін «Неге?», «Неліктен?», «Не үшін?» сұрағын қою арқылы дәлелдеуге үйреттім. Сол кезде оқушы ойын жинақтап,тез шешім қабылдап сұраққа жауап айта алады.
     Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға болмайды.Өз тәжірибемде оның да алар орны бар.Қазақ тілі пәнінде берілген жаттығуларды түгел орындауымыз керек. Математика пәнінде де дәл солай. Бірақ жаңа әдәс –тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп дайындаймыз десем артық айтқандық болмас.
   Білім алуда пікірлесу,сұрақ қою барысында серіктестерінің айтқандары елеулі орын алатыны белгілі. Әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі деп білемін.
Оқушылардың білім алуда сұраққа жауап беруі,ізденуі,тыңдауы мен сөйлеуі арасында байланыс анағұрлым нәтижелі болатынына көзім жетті.
     «Астан – Қазақстан Республикасының астанасы» тақырыбы бойынша «Астанаға барғандарың бар ма?» деген сұрағыма Ильяс Айтөре деген оқушым бардым,маған ұнады деп жауап берсе, «Қандай көрікті жерлерін білесің?», «Несімен ұнады?» деген сұраққа «Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталықтары бар екендігін айта келе,өзінің алған әсерімен бөлісті. Ал енді бармаған оқушылар болашақта Астанаға баруды армандайтындарын жеткізді.
Сол армандарыңа жету үшін не істеу керек? деген сұрағыма, жақсы оқып,жақсы білім алуымыз керек,тәртіпті болуымыз керек деп жпуап берді. Шынында да «Тәрбиесіз берілген білім-білім емес» дегендей,біліммен бірге тәрбиені қоса оқушының бойына сіңіре білу әрбір ұстаздың міндеті деп білемін.
    Мұғалімдік тәжірибемдегі басты мақсатым – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып,өз тәжірибемді толықтыру,жетілдіру деп білемін.
    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді,сауатты адамдар – бұл XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі-үлкен көрегендіктің белгісі.Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз.Сол көшке ілесе алмасақ-бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.жас ұрпақтың болашағы біздің қлымызда құрметті әріптестер!

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.        Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауынан
2.        Дүниетану
Жалпы білім беретін мектептің 2- сыныбына арналған оқулық
Алматы «Атамұра» баспасы 2009ж

    










               


























































Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Бегманова Айнур. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі

Бегманова   Айнур   Ерма ғ анбет қ ызы Қ ызылорда облысы,   Жана қ ор ғ ан ауданы   №163 орта мектебіні ң   қ аза қ тілі мен ә дебиеті        п ә ніні ң м ұғ алімі Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі        Елімізде    болып   жатқан   саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне де   әсерін тигізіп жатыр. Бұл өзгерістер еліміздің   мектептерінде   тек   жаңа пәндерді енгізіп қана қоймай, сонымен бірге оқыту әдісінде өзгертуді талап етіп отыр. Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген,   оқушы тек   тыңдап қабылдап   отырған. Қазіргі кезде   оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады. Осы әдістер арқылы әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға болады....

Абдирова Бақытгүл.ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ(БЛОГ АРҚЫЛЫ) ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

                                            ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ(БЛОГ АРҚЫЛЫ) ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ (Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы нәтижесі) Абдирова Бақытгүл Нұржанқызы – Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті   пәні мұғалімі. 2011 жылы Орал қаласындағы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың   қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын «Үздік дипломмен» аяқтаған (бакалавр).   2016 жылы педагогика   ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды (Орал қаласы, БҚИТУ). ҚР педагог қызметкерлерінің   деңгейлік бағдарламалар бойынша   біліктілік арттыру   аясында ІІІ деңгейлік   курсын тәмәмдады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес б...

Кәкімбек Аюбай. Серғазы Қалиевтың ғылыми мектебінің ерекшеліктері

Серғазы Қалиевтың ғылыми мектебінің ерекшеліктері Кәкімбек Аюбай- деректанушы Қазақ ғалымдарының ғылыми мектептерінің туу, қалыптасу және олардың өзіндік ерекшелікгері мен бағыттары туралы зерттеу еңбекгері жоқтың қасы. Көптеген зерттеулер белгілі ғалымның еңбекгерін жан-жақты қарастырғанымен, ғалымның ғылыми мектебі жөнінде сөз қозғай қоймайды. Қозғаған күңце ол адамнан оқыған, дәріс алған немесе диссертация қорғаған шәкірттер санын көрсетумен шектелетіні мәлім. Ал шәкірттің бәрін бірдей ғалымның ғылыми мектебіне қоса берудің реті келмейді. Қазіргі өркениет заманында шығармашылықпен айналысушы тұлғаның “ұжым адамына” айналуы туралы сөз қозғай отырып, белгілі ғалым Ш.Таубаева ғылыми мектептің қалыптасуы жөніндегі теориялық еңбектерге ой жүгіртіп, Қазақстанда жеке ғалымдардың ғылыми-білімдік мектептері мен зерттеу ұжымы мектептері қалыптаса бастағанын көрсетеді.[1] Біз бұл мәселе жөнінде Ш.Таубаеваның пікірлеріне толық қосыламыз. Әйткенмен, қазақ ғалымдарыны...