К основному контенту

Мақұлбекова Эльмира. Интернат балаларын сабаққа даярлауда технологияның тиімділігі



Мақұлбекова Эльмира Батыршақызы

 Интернат балаларын сабаққа даярлауда технологияның тиімділігі
                                                                                   
                                                                                       №3мектеп-интернат бастауыш
                                                                                      сынып тәрбиешісі
                                                                                Қызылорда облысы Жаңақорған кенті.
   
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Білім беру үлгісі өзгерді,білім берудің жаңа мазмұны пайда болды.Оқу үдерісіне жаңа педогогикалық технологияның түрлері енгізілуде.
  Қазіргі білім саласындағыоқытудың жаңа педогогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты,жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.Жаңапедагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін-зердерлік,кәсіптік,адамгершілік рухани тағы да басқа көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренді,екіншіден меңгереді,үшіншіден тәжірибиеде қолданылады,төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.
  Әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді оны шығармашылыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияларды меңгертуге үлкен бетбұрыс жасалынуда.
  Мұғалімге жүктелер міндет өте ауыр,тек өз ісіне берілген,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттерінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Сабақты бүкіл сынып қызығатындай етіп,бастауға зор мән берілуі керек.Сондықтан оқушылар «Бүгін сабақ қалай болар екен?Мұғалім не айтар екен?»-,деп отыруы тиіс.Қызықты сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.Мұғалім сабақты қазіргі талапқа сай жаңа әдіс-тәсілдермен қызықты,тартымды өткізуі үшін жан-жақты ізденіп,көп оқуы керек,қажымай-талмай,ерінбей еңбек етуге тиіс.Сабақ жүйелі болуы керек.Бастауыш  мектеп-бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды,қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы,қиын да жауапты жұмыс.Бастауыш мектеп балаға бір білім беріп қана қоймай,оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу,оқу,қоршаға орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру,жағдайларды объективті түрде бақылап,талдау жасауға үйрету,ойын дұрыс айтуға,салыстыра білуге,дәлелдеуге,сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз,импульсивті қабылдау мүмкіндіктері әр-түрлі болады.Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда мектеп қана  мақсатты түрде әсер ете алады.Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен әр-түрлі әдісті,ізденісті,жаңа идеяларды жан-жақты қолданып,жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып,оны күнделікті іс-әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді.
  Сонымен бірге,оқушылардың белсенділігін,жеке дара жұмыс істеуін ынталандыру,жеке көзқарастарының қалыптасуын,дамуын,оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.Яғни әр оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып,оның табиғи қабілеттерін анықтау,өздік танымдық іс-әрекетіне бағыттау,оның субъектілік қызметін жетілдіру,соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Осы мәселені өтуден тақырыптың өзектілігі туындайды.Бүгінгі күндегі Қазақстанда бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне жетіу мақсатында білімнің жаңа жүйесін құрылуын ескерсек көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі нақтылана түспек.Сондықтан оқу-тәрбие үрдіісіндегі негізгі мақсат-білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыра отырып,әрбір жеке тұлғаның білім стандартын меңгеруіне есте сақтау дағдыларының қалыптасуына,өз бетімен жетілуіне,дамуына үлкен жауапкершілікпен қарау,-деп ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.Осындай маңызды міндетті іске асыратын технологияларының бірі «Деңгейлік саралау технологиясы» болып табылады.
  
 Бұл технологиялардың ерекшеліктерін түсіну үшін дәстүрлі оқу үрдісімен салыстыру кестесін ұсынамын:
Дәстүрлі  оқу үрдісінде
Деңгейлеп оқытуда
1.Оқу-тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде.
2.Мұғалім оқушыға дайын ақпаратты береді,оқушы тек тыңдап,ақпаратты қабылдап отырады(дәріс,сұрақ-жауап,жаттығулар т.б)
3.Оқушылар жеке-жеке өз алдына жұмыс істейді.
4.Оқушы білімін мұғалім бағалайды.
1.Белсенді қызметті оқушы атқарады,ол өзі оқиды.
2.Оқушы өзі ізденіп,өзі оқып,өзі үйренеді.Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады(жағдаятты шешу,балаға ой тастау,т.б)
3.Жұмыс индивидуалды және топтық формада өткізіледі.
4.Оқушылар өз жетістіктері мен еңбегінің нәтижелерін бағалауға қатысады.

    Сонымен,деңгейлеп оқыту жүйесінде әрбір оқушы белгілі нәтижеге жету үшін өз шамасына қарай әрекет етеді,бұл әрбір жеке оқушының жауапкершілігін көтеруге көмектеседі,нәтижесінде оқу үлгерімінің жақсаруына себеп болады.Мұнда әр оқушы міндетті бірінші репродуктивтікдеңгейдің тапсырмаларын орындаудан бастап,өз қабілетіне қарай,өз билігіне жетеді және соған ұмтылады.Осылайша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істеу ҚР білім беру стандартының талаптарын орындап қана қоймайды,сонымен бірге оқушы білімін шыңдап эвристикалық,шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік тудырып,оқушының жалпы дамуына түрткі болады.
  Сонымен деңгейлік саралау технологиясының тиімділігі:
-оқушыладың сабаққа деген белсенділігін арттырады;
-жеке-дара жұмыс жүргізуге ынталандырады;
-жеке көзқарастары қалыптасып,дамиды;
-оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болады;
-сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады;
-оқушының қізметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады(интеллектуалды дамуы,тіл мәдениеті,дербестігі,бастамшылдығы,жауапкершілігі,т.б)
-оқушылар арасында психологиялық жағдайлар қалыптасады;
-оқулықтағы тапсырмалар осы технологияға негізделіп берілген.
  Оқушылардың өнімді ойлау және елестету жұмысына жағдай жасау шараларын анықтау:
-оқушылардың зерттелген зат және құбылыстарды қабылдауы,олардың мәнін түсіну жолдарын жоспарлауы;
-сендіру,көндіру түріндегі нұсқауларды пайдалану;
-оқушылардың тұрақты назарын және жиынтығын қалыптастыратын шаралар жоспарлау;
   Жаңаны қабылдау үшін,оқушылардың есіне  алдыңғы қабылдаған білім және билік маңыздылығына,әр түрлі жұмыс түрін пайдалану(әңгіме және сұрау,қайталау жаттығулары).
  Жаңа білім және бейімдерін қалыптстыру  барысында оқушылардың ойлау және елестету іс-әрекетін ұйымдастыру;
  Оқушылардың қалыптасқан білім және біліктерінің деңгейін анықтау(нақты-сенімді көзқарас,ұғымдар,қорытынды бейнелер,қорытындыны тұжырымдау деңгейінде )
  -Оқушының ойлау іс-әрекетін  және елестетуін ұйымдастыруда ұғымдар,жаңа бейнелер құру,түсіну деңгейін қалыптасуының психологиялық заңдылықтарына негіздеу;
  -Оқушының өзіндік ойлауы мен белсенділігін қамтамасыз ететін жұмыс түрлері мен  әдіс-тәсілдері жоспарлау(сауалдар жүйесі,проблемалық жағдаят туғызу,мәліметтері жеткіліксіз және артық есептер пайдалану).
  Оқушының сабақта іздену және зерттеу жұмысын ұйымдастыру,өзіндік жұмыстар барысында  шешілетін интеллектуалдық қиындықтар құру,оқушының танымын дамыту мақсатында тапсырмаларды күрделендіру ;
-Түсіну деңгейін көтеруге(бейнелер,салыстыру,түсіндіруден қорытуға,ойды бір түйінге келтіру біліктілігін қалыптсатыруға басшылық;
-Оқушының әртүрлі шығармашылық жұмыстарын пайдалану(жұмыс мақсатын,ойын орындалу шарттарын түсіндіру,мәліметтерді іріктеу және жүйелеуге оқыту сонымен қатар нәтижені өңдеу және жұмысты реттеуге үйрету)
  Шығармашылық дгеніміз-адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі.Өчмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп,бойындағы қабілеттерін дамытып,өзін*өзі тануына көмектеседі.Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп,қабілетін дамыту,жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсатты болып табылады.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін,қызығушылықтарын арттыра түсу үшін,шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамыытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Бала бойындағы қабілетті ашу-оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.Нағыз сабақ-ол әрқашан диалог,іздене,дайындала,үйрене кеңесе  шәкірттер болашағын ойлай жасалға еңбек пен тәжірибиенің бірлігі.Педагогикалақ технологиялар оқыту мақсатына жетудың тиімді жолдарын көрсетеді.Кез-келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады.Кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеялар мен нәтиже тиімділігінің негізін құрап,жеке тұлғаның жетілуіне,дамуына бағытталған.Олар проблемалық огқыту технологиялары,коммуникативті технологиялар,дамыта оқыту технологиялары,сыни тұрғысынан  ойлауды дамыту технологиясы.Осылардың ішінде кейінгі жылдары сабақтарында қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясына тоқталайық.Сыни ойлау-бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялар негізінде құрылған жоба.Шығыс даналығы былай дейді:«Маған айтсаң ұмытып қалам,көрсетсең есімде қалады.Ал өзім істесем үйреніп аламын».Яғни,баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту,үйрету қажет деген сөз.Сыни тұрғыда ойлау-мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге,бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.Ойлау да,оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасымен оқытуда оқушылардың кестелер,суреттер,оқулық дәптерімен жұмыс істеу іскерліктері де артады.Бұл бағдарламаның барлық стратегиялары оқушының ойлауын дамытуға,танымдық белсенділіктерін арттырып,өз пікірін тұжырымдап айтуға,еркін сөйлеуге,өзіне сенімді болуға үйретеді.Топтағы оқушылар түсінбегенін бір-бірінен сұрап,сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыруға ықпал жасап отырады.Шағын топтарда жұмыс жасау нәтижесінде оқушы өзінің және топтағылардың намысын қорғау,бірлесіп,еңбек етіп шешім  қабылдау сияқты құндылықтармен бірге күнделікті сабақтан хабардар болып отырады.Оқушылардың белсенділіктерін салыстырмалы кесте арқылы көрсетуге болады.
  Жұмыс нәтижесін бекіту:
-жаттығу жолдары мен дағдыларын қалыптастыру;
-ерте меңгерілген білік және дағдыларын жаңа жұмыс жағдайында қолдануға үйрету оқушылардың ұйымшылдығы;
-оқушылардың оқуға деген көзқарасы,олардың өзін-өзі ұйымдастыруын және ақыл-ойларының даму деңгейі:
-оқушылардың оқыту деңгейіне қарай мүмкін топтар,оқушының сабақта жеке,топтық және фронтальдық жұмыс үлгілерінің байланыстарын анықтау жағдайларының есебі.
-Оқушының жас ерекшеліктерінің есебі;
-Оқушының жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақ жоспарлау;
  Қорытындылай келе,жаңа технологиялардың әдіс—тәсілдерін тиімді пайдалану оқушылардың  жеке басының дамуына,оқу шеберлігін  қалыптасуына,өздік өзара бақылаудың өзінің оқу қабілетін бағалаудың дағдыларын жетілдіруге көмек береді.Бұл оқушылардың білімді меңгерудегі алға жылжуын қамтамасыз етеді және білім сапасын арттырудың басты негізі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Баспасөз материалдары
2.Кобдикова Ж.У,Р.Есимханова Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі.2008,№2,7-11б
3.ҚР 2015ж дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
4.Ж.А.Қараев,Ж.У.Кобдикова Педагогикалық жүйені технологиялық тұрғыдан жаңартудың өзекті мәселелері//Оқыту тәрбиелеу технологиясы.2007,№5,6-9бет 2007ж,№4 4-6бет.2008ж №3 6-9бет
5.Бала тәрбиесі 2008ж №5
6.Қ.М.Нағымжанова,Н.М.Нұрғазиева «Бастауыш берудегі жаңа технологиялары» Медия-Альянс.
7.Интернет материалдары.

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Бегманова Айнур. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі

Бегманова   Айнур   Ерма ғ анбет қ ызы Қ ызылорда облысы,   Жана қ ор ғ ан ауданы   №163 орта мектебіні ң   қ аза қ тілі мен ә дебиеті        п ә ніні ң м ұғ алімі Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі        Елімізде    болып   жатқан   саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне де   әсерін тигізіп жатыр. Бұл өзгерістер еліміздің   мектептерінде   тек   жаңа пәндерді енгізіп қана қоймай, сонымен бірге оқыту әдісінде өзгертуді талап етіп отыр. Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген,   оқушы тек   тыңдап қабылдап   отырған. Қазіргі кезде   оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады. Осы әдістер арқылы әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға болады....

Абдирова Бақытгүл.ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ(БЛОГ АРҚЫЛЫ) ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

                                            ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ(БЛОГ АРҚЫЛЫ) ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ (Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы нәтижесі) Абдирова Бақытгүл Нұржанқызы – Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті   пәні мұғалімі. 2011 жылы Орал қаласындағы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың   қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын «Үздік дипломмен» аяқтаған (бакалавр).   2016 жылы педагогика   ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды (Орал қаласы, БҚИТУ). ҚР педагог қызметкерлерінің   деңгейлік бағдарламалар бойынша   біліктілік арттыру   аясында ІІІ деңгейлік   курсын тәмәмдады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес б...

Кәкімбек Аюбай. Серғазы Қалиевтың ғылыми мектебінің ерекшеліктері

Серғазы Қалиевтың ғылыми мектебінің ерекшеліктері Кәкімбек Аюбай- деректанушы Қазақ ғалымдарының ғылыми мектептерінің туу, қалыптасу және олардың өзіндік ерекшелікгері мен бағыттары туралы зерттеу еңбекгері жоқтың қасы. Көптеген зерттеулер белгілі ғалымның еңбекгерін жан-жақты қарастырғанымен, ғалымның ғылыми мектебі жөнінде сөз қозғай қоймайды. Қозғаған күңце ол адамнан оқыған, дәріс алған немесе диссертация қорғаған шәкірттер санын көрсетумен шектелетіні мәлім. Ал шәкірттің бәрін бірдей ғалымның ғылыми мектебіне қоса берудің реті келмейді. Қазіргі өркениет заманында шығармашылықпен айналысушы тұлғаның “ұжым адамына” айналуы туралы сөз қозғай отырып, белгілі ғалым Ш.Таубаева ғылыми мектептің қалыптасуы жөніндегі теориялық еңбектерге ой жүгіртіп, Қазақстанда жеке ғалымдардың ғылыми-білімдік мектептері мен зерттеу ұжымы мектептері қалыптаса бастағанын көрсетеді.[1] Біз бұл мәселе жөнінде Ш.Таубаеваның пікірлеріне толық қосыламыз. Әйткенмен, қазақ ғалымдарыны...