Ойын -
ойды шыңдайды
Әйтілеуова Ақмарал-№56мектептің бастауыш сынып
мұғалімі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Ел ертеңі –жас
ұрпақ қолында
Жас
ұрпақ тағдыры- ұстаздар қолында
Н.Ә.Назарбаев
Ойын-
балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір
түрі.
Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына,
эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін
тигізеді.К.Д.Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын – балалар үшін шындық
.Ал шындық қоршаған ортадан да қызық , бала үшін қызықты болу түсінікті ,
өйткені онда өзіндік іс әрекет көрінеді.
Бала ойын әлемінде өмір сүреді.
Оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады»
Бала
өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз
өсіп - өркендей алмайды. Ойын –
балалар үшін күрделі әрекет. Балалар
білімді ойын арқылы
алады. Сондықтан сабақ үстінде
ойын арқылы білімін
шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Аса
ірі психологтардың айтуы
бойынша «Бала ойын үстінде
қандай болса, өскенде еңбек
үстінде сондай болады»-дейді. Сондықтан ойын
адамның өміртанымының
алғашқы қадамы болып
саналады.
Бастауыш сыныпта оқу
белсенділігін арттырудың маңызды
жолдарының бірі- ойын элементтерін
пайдалану.Ойын- оқушылардың
сабаққа қызығушылығын арттырады, түсінбегенді түсінуге
мүмкіндік береді.
Оқытудың
ойын формасын қолдануда
екі жақты дидактика
байқалады:
* ойнау
үшін білу,үйренудің қажеттілігі
*адамның
ойнай отырып, өзіндік
білім алуы
Баланың
қызығушылығын арттыру үшін
ойын түрлерін түрлендіріп
отырған дұрыс.
Сюжетті ролдік ойындарда балалар ересектердің өмірі мен
іс-әрекетін қайталайды.Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Сонымен қатар бұл
ойындар балаларды кішіпейілділікке,бауырмалдыққа
тәрбиелейді.Оқушылардың сөздік қоры дамиды Мысалы :
«Дүкенде; Саяхатта ; т.б»
Қимыл қозғалыс ойындары белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын оқушының өмірге деген
көзқарасың қалыптасуына әсерін тигізеді.Мысалы:
«Кім керек»,«Мысық пен тышқан»,
«Сыңарынды
тап» т.б
Ойын жаттығулар
оқушының білігі бір қабілетін жетілдіруге бағытталған. Мұндай ойындарға: сөзжұмбақтар,викториналар,жұмбақтар,
жаңылтпаштар жатады. Бұл ойында
бала
дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға
төселеді, сөйтіп дұрыс оқу мен жазуға да тез бейімделеді.
Дидактикалық ойындар баланың сөйлеу,ойлауға есте сақтау қабілетін дамытады. Бұл
ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды. Мысалы: «Лото, домино т.б»
Ұлттық ойындары тек ойын сауықтық жағынан ғана маңызды емес ,
ол-спорт,ол-өнер,ол-өмір сүру үшін
маңызы бар тәрбие құралы . Бұл ойынды
ойнау арқылы оқушылардың бойында ептлік,ерлікке жету, тапқырлық пен
табандылық т.б мінез-құлық
ерекшеліктері қалыптасады.Мысалы: «Соқыр
теке», «Арқан тарту»,
«Сақина жинау» т.б
Ойындарды сабақтың әр
кезеңінде өткізудің өзіндік әдістері
бар.Ойын сабақтың басында
өткізілсе, өткен сабақты
еске түсіреді. Сабақтың ортасында
өткізілетін ойын баланың
көңіл күйін сергітеді, ал сабақ соңында
өткізілетін ойын өтілген
сабақты пысықтап бекітуге, алған білімді
жинақтау мақсатын көздейді.
Мұғалім ойынға қойылатын
мынадай талаптарды білуі
тиіс:
*Ойынның
мақсаты анықталып, керекті
құралдар мен көрнекіліктер
оңтайлы жерге қойылуы
тиіс
*Ойынның
тәртібі әр оқушыға
жете түсіндірілуі тиіс
*Ойынға
сынып оқушыларының түгелдей
қатысуын қамтамасыз ету
*Ойын
үстінде оқушылардың шешім
қабылдап,ойлана білуіне жетелеу
керек.
Өз тәжірибемде 1-3
сыныптарда қазақ тілі
пәнінде мынадай ойын
элементтерін пайдаланып келемін:
1. «Қай
әріпті жоғалттым?» Бұл
ойын 1-сыныпта дыбыс пен әріпті
өткенде пайдалануға болады.
Са..ат Гү.. Д..п
2.Оқушылар өздігінен ойлайтындай,
жұмыс істеу және тапқырлық дағдыларын, ойлау қабілетін арттыру
мақсатында мынадай грамматикалық ойын ұйымдастыруға болады . «Өз
орныңды тап». р,а,қ (қар) ; а,л,а,қ (қала) ; к,е,м,п,т,е (мектеп)
3. «Ұйқас тауып ойнайық» ойыны сөз ішінде әріптердің дұрыс жазылуына, бір
әріптің өзгеруінен сөздің басқа
мағынаға ауысып кететіндігіне назар
аударуын қадағалау.
Мысалы: көмір-өмір, сана-сона, қара-қала,
бала-дала, т.б Бұл ойынды орыс тілі
пәнінде де қолдануға болады Мыс: Соль-тұз, ледь-мұз т.б.
4. «Не қажет » ойыны сөйлемдегі
сөздердің байланысын дұрыс анықтау үшін
жүргізіледі . Оқушылар сөздерге тиісті қосымшаларды табуы тиіс . Мысалы: Қыс түс.... ., кү.. сауыт....
Жер... қар жатыр. Бала.... мұз
... коньки теу .... жүр.
Сонымен
ойын арқылы оқушының таным белсенділігі
дамиды,сабаққа қызығушылығы артады,шынығады ,өз бетінше білім алуға
,шығармашылығы қалыптасады,сабақ жеңіл өтеді, оқушы ұжыммен бірлесіп жұмыс
жасауға үйренеді.
Алдымызға қойған мақсат біреу-ақ .Ол ой –санасы жан-жақты дамыған білімді оқушы тәрбиелеу.
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға
жастайынан имандылық пен салауаттылық, адамгершілік қасиеттерді сіңіре білсек,
тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған азамат өсіре аламыз» Әр сабақтың сапалы болып өтуі жан-жақты ізденімпаз ,білімді, жаңашыл, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары ұстаздың қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Бастауыш
мектеп» 2003ж №3
2. .«Бастауыш мектеп» 2004ж №1
3. «Бастауыш мектеп» 2005 ж №5
4.
«Сыр мектебі» 2010ж №21
Комментарии
Отправить комментарий